Жаңа техника берілді
Сарысу ауданында қоқыстарды дер кезінде шығарумен айналысатын 5 техника, 82 қоғамдық жұмысшы тартылған.
Осы жұмысты одан ары жүйелендіру мақсатында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне «KAMAZ» маркалы қоқыс шығаруға арналған көлік алдық.
45 миллионға сатып алынған жүк көліктің көлемі 16 кубты құрап отыр.
Ауданда 31 заманауи қоқыс алаңдарына реконструкциялар жобасы әзірленді.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі