Инвестициялық штабта жобалар дер кезінде қаралуда
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді.
Басқосуға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Штаб отырысында ойын-сауық кешені мен цемент зауытын салу жобалары талқыланды. Инвесторлар кәсіпорындарды салу барысында инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға қатысты кездесіп отырған мәселелерді көтерді. Нұржан Нұржігітов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармаларына, «Тараз» химиялық паркі» АЭА-ға аталған мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Аймақ басшысы барлық мемлекеттік органдарға, аудан әкімдіктеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі негізде жалғастыруды тапсырды.
– Инвестициялық жобаларды жедел қарастыру және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылған инвестициялық штабтың жұмысын белсенді жүргізу керек. Жалпы инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсарту ғана емес, инвесторлармен тікелей жұмыс жасау мәселелеріне де ерекше назар аудару қажет. Инвестициялық штаб отырысында берілген барлық тапсырмалар барынша орындалуы тиіс, — деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл облысы әкімдігі