Ғибратты 3 мөлтек мысал

Себебін білу
Өзен бойымен кетіп бара жатқан жүргінші балалардың даусын естиді. Жағалауға барған ол суға тұншығып жатқан балаларды көріп, көмекке ұмтылады. Жолда тағы бір кетіп бара жатқан адамды көріп, бірінші жүргінші көмекке шақырады. Екінші жүргінші де мән-жайды білген соң, көмек қолын созады. Бұдан кейін олар тағы да бір кетіп бара жатқан жүргіншіні байқап, көмекке шақырады. Жүргінші бұрылып қарамастан, шапшаң жүріспен кете береді. «Балалардың өмірін құтқарғың келмей ме?» дейді екеу. Сонда жүргінші: «Екеуің құтқарып жатырсыңдар, мен барып балалардың өзенге қайдан түсіп кетіп жатқанын білейін. Мұның алдын алу ең пайдалысы» депті.
Қой мен сиыр
Қой сиырға мұңын шағыпты.
— Адамдар неге тек сенің жағдайыңды жасай береді? Иә, сен май, құрт, ірімшік бересің. Бірақ менен олар көп алады ғой. Ет, май, шұжық, тіпті терімді алып киім тігеді. Неге бұлай?
Сиыр сәл ойланып алып:
— Мүмкін мен адамдарға жақсылығымды тірі кезімде жасай алғандығымнан шығар…
Таңдау өзіңде
«Бұл мүмкін емес!» — деді Сылтау.
«Бұл ақылсыздық!» — деді Тәжірибе.
«Бұл пайдасыз!» — деді Менмендік.
«Байқап көр!» — деді Арман.