Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына – 100 жыл

Осыған орай қайраткердің туған өлкесі – мерейлі Меркі жерінде түрлі іс-шаралар өтуде.

Соның бірі – аудандық тарихи-өлкетану музейі тарапынан ұйымдастырылған «Аласармас асқар тау» атты ғылыми конференция. Жиын «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген сөздің тағы бір дәлелі болды. Онда «Арда туған азамат», «Тұлға рухына тағзым», «Асанбай Асқаров шығармаларындағы журналистік пайым мен әдеби таным», «Тағдыр» шығармасының тәрбиелік мәні» тақырыптарында баяндамалар оқылып, талқыланды.

Сондай-ақ Асанбай Асқаровтың экспозициялық бұрышы мен «Аласармас асқар тау» тақырыбындағы көрме таныстырылды.

Жиын басталмас бұрын аудан орталығындағы А. Асқаровтың ескерткішіне гүл шоғы қойылып, жақын туған-туыстары, Меркі жерінің құрметті азаматтары, арнайы шақырылған қонақтар сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Ал аудандық мәдениет үйінде айтыскер ақындар қайраткердің ерен еңбегін, әділдігін жырға қосса, туған ауылында ауыл азаматтары бәйге, атжарыс, концерт ұйымдастырып, тұғыры биік тұлғаға тағзым етті.

Патима ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА,

№47 орта мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.