Республика күні облыста қалай тойланады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен араға 13 жыл уақыт салып Республика күні мерекесі қайта оралды. Айтулы мереке облысымызда қалай аталып өтпек? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай кеңінен тоқталды.
– Республика күні мен Тәуелсіздік күні түрлі мағыналық мазмұндағы мерекелер мен шығу тарихы жағынан өте маңызды мейрам екенін атап өткен жөн. Ұлттық мереке Республика күнін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар әзірленіп, бекітілді. Жоспар Президент Әкімшілігі тарапынан келген тұжырымдама негізінде дайындалды.
Жоспарға сәйкес, облыстық басқармалар мен Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен 200-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында арнайы медиа-жоспар жасалынып бекітілген.
Маңызды мерекеге символдық және салтанаттылық рең беру үшін келесідей іс-шаралар ұйымдастырылады.
22 қазан күні облыс басшылығының қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында Республика күніне орай салтанатты жиын өтеді.
Салтанатты жиын барысында облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау, басшылықтың құттықтауы және мерекелік концерт жоспарланып отыр. Дәл осындай салтанатты жиындар Тараз қаласы мен аудандарда өтетін болады. Сондай-ақ 25 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде Тараз қаласы әкімдігі мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстан!» атты мәдени көпшілік іс-шара өткізуді ұсынамыз Аталған шара барысында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, спорттық жарыстар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, аудандар мен Тараз қаласында мерекеге орай «Менің Отаным Қазақстан», «Менің Республикам – менің мақтанышым» және т.б. тақырыптарда әдеби-танымдық кештер, елтану сағаттары, тақырыптық көрмелер, кітап апталықтары, көпбалалы отбасыларды, ардагерлерді, зейнеткерлерді және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттарын қолдау бойынша «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясы,«Таза табиғат» экологиялық акциялары өтеді.
Республика күніне орай өңірде жалпы 19 нысанның ашылуы жоспарлануда. Атап айтқанда, Тараз қаласында 2 нысан, Байзақ ауданында 2 нысан ,Жамбыл ауданында 1 нысан, Жуалы ауданында 1 нысан, Меркі ауданында 2 нысан, Сарысу ауданында 2 нысан, Т.Рысқұлов ауданында 2 нысан, Талас ауданында 1 нысан, Шу ауданында 6 нысан пайдалануға берілмек, – деген Асқар Қадірбекұлы орталық сайлау комиссиясының талаптарына сәйкес, электоралдық кезеңде қайырымдылық акцияларын өткізуге тыйым салынатынын да баса ескертті.
Ал Ерлан Нұрманұлының айтуынша, мерекеге байланысты іс-шаралардың жоспары әзірленген. Соған сәйкес, өңірдегі мәдениет және өнер мекемелерінде «Менің Отаным Қазақстан», «Менің Республикам – менің мақтанышым», «Еркін елдің ұланымын, Тәуелсіз ел қыранымын», «Қазақстан – достықтың киелі мекені», «Туған жерім тұғырым» және тағы да басқа тақырыптарда әдеби танымдық кештер, дөңгелек үстел, кездесу кеші, тақырыптық көрмелер, концерттік бағдарламалар өткізу жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар 22 қазан күні облыс басшылығының қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында Республика күніне орай салтанатты жиын өтпек. Салтанатты жиын барысында облыс өнерпаздарының мерекелік концертіұйымдастырылады. Ал 25 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде «Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстан!» атты мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылмақ. Аталған шара барысында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, спорттық жарыстар өткізілетін болады. Әзірге қандай эстрадажұлдыздары қатысатыны белгісіз, қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде екен. Бұдан бөлек мерекеге орай өңірлердегі барлық орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде халықтың нысаналы топтарын қамтуға және мерекенің бүкіл халықтық атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаппай серуендер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер және басқа да іс-шаралар жоспарлануда көрінеді.
Құрмаш Қаптағай, Жамбыл облысы