Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!
«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 15 қазан – Мемлекеттік тіл күні болып белгіленген. Бұл күні қазақ тілінің іргеленуіне үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туған. Баршаңызды осынау мән-маңызы терең, мемлекеттік тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан жерінде тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл — қазақ тілін өзіне тірек етіп, тілді жүрегімен сүюі тиіс. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Ұлы Абай айтқандай: «Бөтен тіл мен мәдениетті білу адамды осы халықпен тең құқылы етеді».
Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 2020 жылдың 02 желтоқсаннан бастап өз жұмысын жүргізуде.
Бүгінгі күнге Масанчи ауылынан 15 топ (184 тыңдаушы); Сортөбе ауылынан 11 топ (151 тыңдаушы); Бәйтерек ауылынан 2 топ (28 тыңдаушы); Қарасу ауылынан 4 топ (40 тыңдаушы); Қордай ауылынан 4 топ (42 тыңдаушы)- барлығы 36 топ, 445 тыңдаушы қазақ тілі курсын оқуда.
Оның ішінде бюджеттік сала қызметкерлері — 356, мемлекеттік қызметші-14, әр түрлі мекемелер — 16, жұмыссыздар — 15, білім беру саласының мамандары — 5, имамдар — 39.
Ұлттық құрамы: қазақ — 1, өзге ұлт өкілдері — 444. 2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары аралығында қазақ тілін оқыту курсына 592 тыңдаушы тартылса, биылғы жылдың соңына 1000 тыңдаушыға жеткізу жоспарлануда. Осы орайда тыңдаушылардың санын арттырып, оқыту үрдісіне жаңа технологияларды енгізе отырып, тіл үйрету әдістемелерін жетілдіру, оқыту сапасын арттыру басты назарда.

Тілді белсенді және сапалы қолдану үшін тіл ортасы болғаны өте тиімді, ол үшін дүнген этносының өкілдері бірыңғай қазақ отбасыларының арасында тұрып, балаларын қазақ мектептерінде оқыту керек.

Үкімет Қазақстанның басқа аймақтарына қоныстануы үшін қолдау жасауда: қаржылай көмек, жұмыспен және уақытша баспанамен қамтамасыз етеді, бірақ өкінішке орай, бұл мүмкіндіктерді тек санаулысы ғана пайдаланады.

Тілді оқып-үйренуді жоғары деңгейге көтеру өзекті мәселе. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет.

«Қазақстанның дүнген республикалық этномәдени орталығының» төрағасы Махусеев Зайнуддиннің басшылығымен этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауда. ЭКБ қазақ тілі мен қазақ мәдениетін терең меңгеруге мотивациясын қалыптастыруға бағытталған көптеген іс-шараларды жүзеге асыруда. «Вынхуа» Жамбыл облыстық дүнген этномәдени бірлестігінің төрағасы — Идыбо Айша Люшировнаны, Алматы қаласы «Аманат» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының орынбасары Масанов Ибрагимді, РҚБ ДРЭО жастар қанатының төрағасы Джинлиров Арафатты, Астана қаласы «Юнчи» этномәдени дүнген орталығығының төрағасы Муханзаева Зульфияны жемісті еңбегі мен мемлекеттік тілді дамытуға қосқан лайықты үлесі үшін ерекше ризашылықпен атап өткім келеді.
Дүнген этносының балалары арасында жыл сайын қазақ тілін ана тілі деңгейінде меңгерген балалардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Менің сөзімнің дәлелі ретінде ДЭО «Юнчи» Қарттар күніне орай балалар арасында ұйымдастырылған «Менің атам мен әжем бәрінен жақсы!» атты поэзиялық байқауы бола алады. Әр қатысушы өзі туралы қазақ тілінде еркін және мәнерлеп айтып берді, ата-әжелерінің құрметіне өлеңдерін сүйіспеншілікпен оқыды. Қазылар алқасы балалардың барлық талпыныстарын жоғары бағалады.
Барлық ЭМБ басшыларын Мемлекеттік тіл күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен жаңа шығармашылық табыстар тілеймін.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі Ата Заңымызда нақты белгіленген. Тілге құрмет – елге құрмет» – деген қағидамен мемлекеттік тіліміздің көркейіп, мәртебесі мен мерейі арта берсін! Зайырлы, тәуелсіз, көпұлтты, берекелі еліміз, отанымыз Қазақстан жасай берсін!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ильяс Буларовтың фейсбук парақшасынан