Әкесі баласына не айтуы керек?

1. Адамдармен амандасқанда,
бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара.
Қолын алғанда, сенімді бол.

2. Ата-анаңды сыйла. Оларға құрмет көрсет.

3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды.
Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.

4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің.

5. Білімге ұмтыл. Әрқашан ізденісте бол. Үнемі ақылыңды толықтыр.

6. Бауырмал бол.
Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес.

7. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. Ішінде біреуі жарың болуы мүмкін.

8. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүргенің жарамайды.

9. Салмақты бол. Ер бол.

10. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс. Спортқа жақын бол.

10. Заң қызметкерлерінен қашпа. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің шенін жатқа біліп жүр.
Есіңде болсын: бір жолақ – кіші офицерлік құрам, ал екеу болса, аға офицер.

11. Киім кию мәдениетін сақта: шалбардың ұзындығы өкшенің ортасынан аспауы тиіс.Галстук белдікке дейін түсіп тұрғаны жөн.
Белдікті аяқ киімнің түсіне қарай таңда. Тазалықты сақта.

12. Жақсымен дос бол. Қиындықта қол ұшын беріп, достарыңа адалдық таныт.

Көркем мінез. Мақсат Сқақовтың фб парақшасынан