Тоқаев мемлекеттік ту челленджін қолдады

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев продюсер Нұрлан Қоянбаев бастаған мемлекеттік ту челленджін қолдады.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Достар, біздің жобаны президент қолдады!», — деді ол.

@ptrkkz

Нұрлан Қоянбаев осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желідегі жазбасының астына ең көп пікір қалдыру челленджін бастады. Ал маусымда суретке 100 миллионнан астам пікір жинап, Гиннестің жаңа рекордын орнатуды ұсынды.