ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Кеше Шу аудан орталығында көру қабілеті нашарлаған зағип жандарға дастарқан жайылып, ас берілді.
Игі дәстүрді биыл да жалғаған Шу ауданының “Нағыз патриоттар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Әбітаева ханым зағип жандарға қолдау көрсетіп, шараның өтуіне ұйытқы бола білді.
Дәл осындай сауапты істің басы-қасынан табылып, зағип жандарға қолдау білдірген бірлестік басшысы мен мүшелеріне ризашылығымды білдіремін.
Бұдан бөлек, биыл “Қазақ соқырлар қоғамы” қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр.
Сол себепті де Республика күні қарсаңында игі шараға жиналған азаматтар мен ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлерімізге Алғыс хат беріп, сый-сияпатымызды табыс еттік. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі