№14 ықшамауданның жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізіледі

Бақытжан Әмірбекұлы шаһардағы №14, 15 ықшамаудандар жобалау құжаттамасына да арнайы тоқталды.
– Осы орайда мен №15 ықшамауданға кеңінен тоқталғым келіп отыр.

Өйткені, мәселе жоқ емес, бар.Қазіргі таңда 15 шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар атқарылды. Ол жерде 47 га-ға сквер, саябақтар, демалыс аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар, негізгі және ішкі жолдарды кеңейту жоспарда Бүгінгі таңда 2 меткептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар спорт кешені, мәдениет үйі, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Ал №14 ықшамауданында магистральдық және алаң ішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электр, су және кәріз желілері) жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталды. Қазіргі уақытта электр желісі жүргізіліп,пайдалануға тапсырылды. Ал, су мен кәріз желілерінің құрылысы 75 пайызға орындалды, жыл соңына дейін толық аяқталмақ.15-ші мөлтекауданды жобалау кезіндегі қателіктерге жол бермеу үшін бүгінде біз 14-ші мөлтекауданның егжей-тегжейлі жобалау құжаттамысына өзгерістер енгізіп жатырмыз. Шамамен 1 ай көлемінде дайын болған соң, біз жобаны тараздықтардың назарына ұсынатын боламыз, – деді шаһар басшысы.

Жұмаш Жолболды