Тараздың экономикасы өрістеуде
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде тұрақты өсім қалыптасып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков айтты.
Мәселен, инвестиция 83 миллиард 425,2 миллион, бөлшек сауда тауар айналымы 210 миллиард 473,3 миллион теңге, құрылыс жұмыстары 37 миллиард 871,4 миллион, өнеркәсіпте 387 миллиард 525,1 миллион, ауылшаруашылығында 9 миллиард 588,0 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 257,2 мың м2-ді құраған. Яғни, барлық салада негізгі көрсеткіш 100 пайыздан артығымен орындалды.
Жоғарыда атап өткен әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуға арналған 2023-2025 жылдарды қамтитын 3 жылдық жоспар әзірленіп, жыл сайын көрсеткіштерді 4-5 пайызға арттыруды көзделуде екен.
Жұмаш Жолболды