АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық топтың мүшелері Сейітхан Жұмашев пен Ғабитбек Кебеев аудан орталығының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер айтылды.
Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
Бақытжан Бекболат «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы