Мәншүк Мәметованың әкесі – Алаш қайраткері

Бүгін Мәншүк Мәметованың дүниеге келгеніне – 100 жыл! Қазақтың қаһарман қызының ерлігі мәңгі ел есінде. Шын есімі Мәнсияны анасы еркелетіп «Моншағым» деп атаған. Ал Мәншүк есімінің шығуына оның өзі себепкер болған. Өйткені өз атын өзі атауға тілі келмеген. Сіз бен біз білетін қазақтың батыр қызының әкесі де Алаш қайреткері болғанын білесіз бе?

Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан Мәметов   Ахметғали 1895 жылы Астрахан губерниясы, Талов уезі, Қойтоғыт ауылында дүниеге келген. Батыс Алаш-Орда қайреткері, Бөкей өңіріндегі ағартушы,   алаш қозғалысының қатысушысы, ақын әрі журналист және дәрігер болған   адам.

РЕКЛАМА
1910 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесінен білім алған. 1916 жылдың қиын   тұсында қырғыз еліне көмек көрсету мақсатында «Қазақ» газетінде үндеу   жолдаған. Бұл үндеу кезінде қатарда Әлихан Бөкейханов, Ахмет   Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтар да болады. Үндеу 1917 жылы жарияланды.

Мәметов Ахметғали:

— 1917 жылы Ташкентке келіп «Алаш» газетіне автор болған;

—  1917-1918 жылдары «Бірлік туы» серіктестігіне мүшелікке өтті;

—  Мұстафа Шоқай шығарушы болған «Бірлік туы» газетінде жұмыс жасаған;

—  1920 жылы РК (б) ІІ қатарына қабылданды;

Алаш қайраткері саналған Мәметов Ахметғали тұтқынға түскенге дейін дәрігерлік қызметті атқарып, Алматы қаласында жұмыс жасаған. 1937 жылы ІІХК органдары тарапынан қолға түседі.

«Бұрынғы Алаш-Орда қайраткері, Орал облатком төрағасы Х.Қошанбаевтың антисоветтік тобының мүшесі» деген айыппен 1938 жылы 11 қарашада КСРО Жоғары сотының Әскери коллегиясы көшпелі сессиясының үкімімен атылды. Тек 1958 жылы 27 ақпанда ақталды.

Құрметті оқырман, мына маңызды деректі біле жүріңіз, Мәншүк Мәметова әкесін ақтау мақсатында өзі тіленіп Ұлы Отан соғысына барған және 1943 жылы Невель қаласында болған ерлігі үшін батыр атанды. Атақты тек өмірден озған соң алды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/50919/?utm_source=smi24