АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысына Азия даму банкінің өкілдері келді. Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының трансұлттық дәлізінің әлеуетін пайдалану мәселелерін зерделеді. Осы мақсатта Түркістан облысындағы Сарыағаш, Мақтаарал, Келес аудандары мен аймақ экономикасының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетімен танысты.
Азия даму банкінің Қазақстандағы операциялары экономикалық әртараптандыруды, инклюзивті дамуды және орнықты өсуді қолдауға бағытталған.
АДБ сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуын қолдайды.
Айта кетейік, Азия даму банкінің өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуетін арнайы таныстыру сүйемелдеу жұмыстарын «Turkistan invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту агентігі жүргізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі