Беттегі негізгі 13 нүкте
Егер беттегі негізгі нүктелерді дәл тауып, оған массаж жасауды үйренсеңіз, бас ауруын, бұлшықеттің тартылуын, неврологиялық ұстаманы, суық тию мен мұрын бітуін дәрісіз-ақ жеңуге болады екен.
1-нүкте. Ұйқының, вегето-қантамырлардың бұзылыстарына жауап беретін невротикалық жағдай. Бастың дәл ортасы, шүйдеден жоғары орналасқан аймақ. Ұйқы алдында бастың осы тұсы мен арқаға жылы су ағынын құю арқылы толыққанды сау ұйқыға қол жеткізуге болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал дұрыс ұйқы өзіңді жақсы сезінуге, көңіл-күйге, сергектікке әсер ететіні түсінікті.
2-ші, 4-нүкте. «Ашық жарық» (ясный свет) деп аталатын бұл нүктелер көз және бас ауруының түрлерінде көмектеседі. Ол көз бұрышынан мұрын жолына қарай 3 миллиметр жерде орналасқан. Көздің жасаурауын тоқтатып, шаршауын басады, көзішілік қысымды төмендетеді. Егер үнемі осы нүктеге массаж жасап жүрсеңіз, барлық көз ауруларынан айықтырады.
3-нүкте. Бас айналуы, бас қантамырларының, әсіресе шеке тұсының ауырсынуы, несеп-жыныс жүйесіне әсер етеді. Егер екі қастың ортасы, мұрынның жоғарғы жағын уқалағанда ауырсыну сезінсеңіз, несеп-жыныс жүйесінде өзгеріс бар деген сөз. Күн сайын көңіл бөліп, осы аймақпен жұмыс жасаса, аурудың алдын алып, тіпті емдеп шығуға болады.
5-нүкте. Талма, шаршағыштық, ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін нүкте мұрын жолының ортасында орналасқан деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Балаларда тырысқақ ұстағанда жақсы көмектеседі. Нүктелі массажды дұрыс әрі тура жасағанда бала тынышталады. Егер ұйқысыздық мазаласа, бас ауруы немесе қан қысымы түсіп, бас айналса массаж тез арада аяққа тұрғызады.
6-нүкте. Бастың шыдатпай қатты ауруын (бас сақинасы – мигрень) да нүктелі массажбен баса аласыз. Ол үшін көз сыртынан жарты сантиметр жерде орналасқан нүктені уқалаңыз.
7-нүкте. «Күн» – эмоционалды толқу, бастың, самайдың солқылдап ауыруы, жоғары қан қысымы кезінде керек нүкте. Самай, қастың біткен жері мен құлақ иірімінің жоғарғы жағының ортасында орналасқан.
8-нүкте. Лор аурулары, асқазан жұмысының бұзылуы, бас айналуы мен қан қысымының төмендеуі кезінде осы нүктемен жұмыс жасаңыз. Көз астынан 1 сантиметр жерде және көру аймағының деңгейіндегі астыңғы қабақта орналасқан нүкте деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Массаж жасағанда осы аймақтардың ауырсынуы гайморит, фронтит, асқазан және лор аурулары болуы мүмкін екенін білдіреді. Тұрақты массаж алу бұл жайсыздықты жояды.
9-нүкте. «Жер қойма» – қимыл-қозғалыстың ауытқуы, ашушаңдық, жүйкеге салмақ түскенде ауыз бұрышынан шетке қарай 1 сантиметр аралықта орналасқан осы нүктеге массаж жасаңыз, пайдасы тиеді.
10-нүкте. Қалқанша безінің ауытқуы, мойын бұлшық етінің және жүйке талшықтарының проблемаларына «жауапты». Төменгі жақтың үстіңгі бұрышында орналасқан. Осы аймақты ұстағанда шұқыр жері бар. Сол жерге әсер ету арқылы мойынның тартып ауырғанын басып, мойын бұлшық еттерін босатады.
11-12-нүкте. Ісік, жүйке аурулары мен шамадан тыс қозу, ішкі ағзалар мен мидың жұмысын реттейді. Мұрын ұшының астында, еріннің үстіңгі жағындағы нүктемен жұмыс жасаңыз.
13-нүкте. Қорқыныш, стресс, негативті ойлардан құтылуда көмекші. Иек пен астыңғы еріннің арасында «антистресс» аймағы орналасқан. Кез-келген негативте, ашуланғанда, стрессте, қорыққанда осы аймаққа массаж жасау арқылы жеңілденуді сезінесіз.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)