ЖУАЛЫДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау бойынша құрылған облыстық қоғамдық штаб мүшелері Бекет Момынқұл мен Людмила Мельник Күреңбел ауылдық мәдениет үйінде Күреңбел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Шараға сонымен қатар аудандық штаб мүшелері де қатысты.
Өз кезегінде Бекет Момынқұл Президентті анықтап, билік тізгінін ұстату – жауапкершілігі зор, халық тағдырын айқындайтын өте маңызды іс екенін тілге тиек етті.
-Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар атқарылды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік ₋ біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз, — деді Бекет Момынқұл.
Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізуге әрбір азамат атсалысуы қажет деген Мұхамеджан Асемов пен Гүлнар Мусаханова ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын асуы, аса алмайтын белі болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы деп атап өтті.
-Соны басшылыққа алып, бір-бірімізбен қол ұстасып, бір ұранды, бір бағытты ұстанып, кемел келешекке бірге аттануымыз керек, — деді штаб мүшелері.
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз қызметі