ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ КӨРСЕТКІШІ 3,6 ЕСЕГЕ АРТҚАН
Қала аумағында көлік инфрақұрылымы жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы бұл көрсеткіш 98 шақырымды құраған болса, қазіргі кезде көлік инфрақұрылым көрстекіші 3,6 (358 %) есеге ұлғайған.
Биылғы жылы “Д.Қонаев” пен “Т.Рысқұлов” көшелері қиылысындағы жолайрықта құрылыс жұмытсары аяқталып, көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілді. “Арғынбеков” пен “Бәйдібек би” көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгінде қала аумағындағы сапалы жолдардың көрсеткіші67,4 % -ды құрайды.
Аталған межені 2025 жылға қарай 79 %-ға дейін жеткізу көзделген. Атап айтар болсақ қала аумағында 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 айналма жолын қайта құру жұмыстары, “Д.Қонаев” даңғылының жалғасын салу жоспарланған.
Шымкент қаласының әкімдігі