СЕГІЗ ТІЛЕК
Алтай Жақып қажы деген кісі: «Құдайдан сегіз тілек тілеймін, төртеуін «Бер» деп тілеймін, төртеуін «Берме» деп тілеймін, -деген екен.
⚡«Бер» деп тілейтін төрт тілегім:
-Әуелі Алладан «Саулық бер»,- деп тілеймін.
-Екіншіден; халық ішінде айтқаным қабыл болғандай аузыма әлһам бер,- деймін.
-Үшіншіден; өз сөзіме өзімді фатиқа сүре ахирет ойлап сөйлегендей ақыл бер,- деп сұраймын.
Төртінші; екі дүниеме бірдей себепкер болғандай әйел бер,- деймін !
⚡«Берме» дейтін төрт тілегім:
-Біріншіден; өзін зор тұтқан, ата-ананы қор тұтқан бала берме,- деймін.
-Екіншіден; басқан ізіңді аңдып, пәле салып отыратын туысқан мен көрші берме,- деймін.
Үшіншіден; мехнаты көп, рахаты жоқ дәулет берме,- деймін.
Төртіншіден; өзі білмейтін, айтқанға көнбейтін әйел берме, -деп сұраймын !
⚠️ Қазақ не деген данышпан, не тапқыр, не ойлы десеңші. Мына сөзге таң қалмасқа болмас.