Қанжыға майлау
Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттың бірі – қанжыға майлау. Аңшы аңшылықтан немесе саяттан оралып келе жатқанда, алдынан сыйлы болмаса үлкен адам, тіпті, бөгде адам шыға қалса, аңшы олжасын сыйға тартады.
⚜️Дегенмен, аң олжасын бөлудің өзіндік қағидасы бар. Атып алынған аң қалыптасқан жосынға орай, аңшының қасындағы жолдастарының ең үлкеніне байланады. Құндыз атып алса, жүн-терісін мергеннің өзі иеленеді де, бауыр терісі жолдастарына бұйырады. Алайда, аң аулауға алғаш рет шыққан мерген немесе жаңа мылтық сатып алған, болмаса жаңадан бапталған құс пен жаңадан үйретілген тазымен шыққан аңшылар олжаларының бауашарын біреуге байламастан, ырым қылып өзі алады.
#дәстүрменғұрып #қанжығамайлау