Жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы реформалар туралы

Алты айлық мерзімді өткізіп алған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік алып тасталды.

Соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақытылы тіркегенін және құқықтарын толыққанды іске асырғанын растайды.

Жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды.

Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты.

Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.

Құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді.

Одан басқа, Қатысушы жарғылық капиталдағы үлесін иеліктен айыру кезінде шаруашылық серіктестікті қайта тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленген «құқықтық кадастр» ұғымының анықтамасы түзетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының Тараз қалалық №3 халыққа қызмет көрсету бөлім