Таласта тағы бір отбасы баспаналы болды
Жалпы, Талас ауданында өткен жылы көпшіліктің көмегімен 8 тұрғын үй бой көтеріп, пайдалануға берілсе, биылғы жылға 6 ауылда және Қаратау қаласында тағы да 3 үй, барлығы 9 баспана беру жоспарлануда.
Жыл басынан бері Ақкөл, Ойық, Сәду Шәкіров ауылдары мен Қаратау қаласындағы 2 отбасы баспаналы болып үлгерді.
✅Дәл осындай баспаналы болу бақыты Қаратау қаласының тұрғыны Сандуғаш Итеноваға да бұйырды. Аталған үй биылға жоспарланған 9 үйдің алтыншысы.
✔️Қоныс той қуанышына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, ат салысқан барша жандарға ізгі тілегін білдірді.
Айта кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Асарлатып үй» салу жобасы өңірдегі қаншама баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі