АДАМГЕРШІЛІК
Атақты цирк әртісі Юрий Никулин таңертең үйден шығып жұмысқа жаяу бара жатып, көз алдында жан түршігерлік апатқа куә болды — жас әйел мен оның алты жасар ұлын жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті. Анасы дүниеден өтті, баласы көретін жарығы бар, аман қалды.
Юрий Никулин – бала өзінің тілімделген, қанға малынып жатқан анасын көрмеуі үшін күртешесін шешіп, әйелдің денесін жабады.
Тез арада полиция келді, оқиға орны қоршауға алынды, жедел жәрдем көлігі, неге екені белгісіз өрт сөндірушілер, тамашалаушылар тобы жиналды. Олардың бәрі жиналып, тек қызықтап, не болғанын талқылап жатты. Жол жиегінде жылап отырған бала ғана назардан тыс қалған.
«Бұл қалай болды?» – деп ойлады Никулин, жұрттың арасынан шығып (полицейлер атақты актерді танып, оны тоқтатпады, тек сәлемдесті) баланың жанына барып отырды. Қолынан келгенше баланы жұбатып, араның бейнесі бар қызыл галстугын оған сыйға тартты, сосын оны таксимен әжесінің үйіне алып кетті.
Сол күні Никулинның жапон делегациясымен ресми кездесуі болу керек еді. Юрий Никулин әрине кешігіп барды. Бір жарым сағатқа кешігіп, тіпті кеңсеге костюмсіз (киетін костюмы хаттамалық іс-шараларға арнайы шетелден сатып алынған), галстуксіз, жеңі шынтағына дейін оралған ақ жейдемен кіріп барды.
Токио делегациясының басшысы Ито Кобаяши мен оның әріптестері Никулиннің сыртқы келбеті мен кешігіп келуін өздерін қорлады деп санап, ресми хаттаманы бұзды деп, цирктен шығып кетті.
Тек бес жылдан кейін Ито Кобаяши Цирктің директоры Юрий Никулинның жапондықтармен кездесуге кешіккен шын себебін білді. Жапондық компаниясына тиесілі арнайы ұшақты жіберіп, Юрий
Никулин Жапония астанасына шақырылды.
Юрий Никулинды кабинетінде костюмсіз, галстуксіз, ақ жейде киген жеңдері шынтағына дейін қайырылған, жетпіс сегіз жапондықтар басын иіп күтіп алды.
Әр қазақ бай болсын.