Әйгілі данышпан бабамыз Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» атты еңбегінде мемлекетті басқарудың түрлі тәсілдері туралы баяндайды. Оның пайымынша саясат – өнер ғана емес, білім мен даналықтың көзі болуы тиіс. Ол елді басқарудың әділ де халықтың жүрегінен орын алатын ізгі қасиеттерге негізделуі қажеттігіне көңіл бөлген.

Ұлы даланың ізгі қағидалары бүгінде Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік лауазымдағы басты принциптерімен астасып жатқанын көруге болады. Ең әуелі халықтың үніне құлақ асып, елді алаңдатқан көкейкесті мәселелерді шешуге кіріскені, елдің саяси өмірінде либерал реформаларды жүйелі түрде іске асырып жатқаны осының айғағы.

Хакім Абай «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді» деген екен. Елдің игілігін ойлаудан басталған көптеген оң бастамалар бүгінге дейін қалың бұқараның көңіл төрінен орын алып, жұртшылықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтастырып үлгерді. Халық игілікті істердің жүйелі түрде жалғасқанын қалап отыр.

Алдымызда үлкен саяси науқан. Елдің көшбасшысын – президентін сайлаймыз. Бұл сайлауда қатарынан оқ бойы озық тұрған, бұған дейін де сөзін іспен талай рет дәлелдеген саяси көшбасшы, мәмілегер дипломат, халықтың қалаулысы – Қасым-Жомарт Кемелұлының үздік шығатынына үмітіміз зор.

Қазақта «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген жақсы сөз бар. Ендеше елдің тағдырын айқындайтын алдағы сайлауға бір үйдің баласындай белсене қатысып, лайықты кандидатымызға дауыс беруге шақырамын.

Құрметпен,
«AMANAT» партиясы
Саяси кеңесінің мүшесі және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов

#AMANAT
#Toqaev2022