Антикорға сөз тасыған үш адам 1,2 млн теңге сыйақы алды

Қостанай қаласында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған үш адам 1 290 545 теңге сыйақы алды.

Бұл туралы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, 3 азаматқа барлығы 1 290 545 теңге сыйақы берілді, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге облыста 9 айдың ішінде жеңілдетілген бағамен сатылған қантқа қатысты да заңсыз әрекеттер анықталған.

Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрақтандыру қорына 3 тонна қант қайтарылып, бірнеше жауапты азамат қызметінен босатылды.

turkystan.kz.