ЕКІ ЖҮЗДІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

Пайғамбар «мұнафиқ (екі жүз) басымен, мүмин жүрегімен жылар, мұнафиқтың жасы көз ұшында, лезде жылап, өзін алладан қорқар жан етіп көрсетеді, ол көзін меңгерген, кезкелген сәтте көзінен жас парлатып шығара береді, оның тілі балдан тәтті, жүрегі удай» дейді, мұнафиқ көз жасымен, тәтті тілімен алдар, ол жылағанда бүкіл елді де жылатады, оның бұл сұмдығынан ердің еріде сақтана алмайды, мұнафиқта мына 4 қасиет бар: 1) сөйлесе өтірік айтар 2) уәдесінде тұрмайды 3) аманатқа қиянат қылады 4) айтысса тым ұзаққа кетіп, сені жеп жіберер; мұнафиқ мына 3 нәрсеге күлер, 1) ислам жолында шашы ағарған жанға 2) діни білгірге 3) әділ басшыға; олар жүрегінде алладан қорықпас, бірақ өзін алладан қорқатын кісі етіп көрсетпек, біреу намаз, ораза, хаж өтеседе, осы қасиеттері болса екіжүді болар, осы қасиеттен және бұндай адамдардан сақтан, өзіңді бұдан тазарт, кім мұнафиқты пір тұтса, ол алланың ашуына қалып, шипасы бітеді. пайғамбар «сахабамда 12 мұнафиқ бар, оның сегізі тозақтық» дейді.

— МӘУЛӘНӘ МЕХМЕТ