Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау — баршамыздың міндетіміз

13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай аудан әкімі қабылдау өткізді.

Биыл «Қазақ соқырлар​ қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр. Аталған бірлестіктің аудандық филиалында 55 адам тіркелген.

Олардың 16-ы І топ мүгедектер санатына кірсе, 14-і ІІ топтағылар.
☑️ Биыл ауданда 10 адам шипажайлық-курорттық емделуге жолдама алса, 9 адам түрлі салада жұмыс істеуде, 8 адам мемлекет тарапынан мүгедектігіне байланысты түрлі көмектер алуда.

— ​Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау — баршамыздың міндетіміз,- дей келіп Жалғас Әлижанұлы тағдырдың сынына мойымай, нұрлы кеудесінің күш-жігерімен еңбек етіп, өмірге деген құлшынысымен айналасына үлгі бола білген жандарға амандық, отбасыларына жақсылық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеп сыйлықтар табыс етті.


Шара соңы ​ мерекелік концерттікпен ұласып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсетілді.
Жуалы ауданы әкімдігі