«АЛТЫН КҮЗ – 2016»
Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «АЛТЫН КҮЗ – 2016» дәстүрлі мерекесі кеңінен атап өтілді.
Салтанатты іс-шара мың бұралған бишілердің қойылымымен басталды. Мұнан соң шараны жүргізушілер еңбеккерлерді дәстүрлі мерекесімен құттықтап, жиынды ашып беру үшін сахна төріне облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты шақырды.
Біздің облысымыз негізінен аграрлық салаға бейімделген аймақ. Республика бойынша мақта 100 пайыз жылыжай шаруашылығы 87 пайыз, жүзім мен бақша дақылдарының 70 пайызы біздің облыста өндіріледі. Келешекте агро секторды дамыту біздің басты мақсатымыз. Бұл салада Елбасының қолдауын сезініп келеміз. Бүгінгі дәстүрлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деді облыс басшысы.
Мұнан соң өңір басшысы әр түрлі салада жетістікке жеткен аудандарды жеке-жеке марапаттады. Отырар ауданы облыстағы жүгері кластерін дамытудағы ерен еңбектерінің арқасында бірінші орынға шығып, аудан әкімі Ерлан Айтаханов облыс әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сыйлығына ие болды.
Сондай-ақ, бақша өнімдерін өсіруде, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасын орындауда, шұбат өндірісін дамытуға қосқан үлесі, республикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін отырарлық ауыл шаруашылық еңбеккерлері жүлделі орындардан көрінді.
Жиын соңында аудан басшысы бастаған отырарлық ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Көрме орталығы» алаңында орналасқан «AgriTek Sһуmkent2016» Vхалықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесімен танысты.