ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта — Теңге қаржы нарығында айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Биыл ұлттық валютамыз – Теңгенің айналымға енгеніне 29 жыл толды. Тәуелсіздіктің ең алғашқы жылдарында ұлттық валютаның айналымға түсуі аса маңызды оқиға болды.
Осы айтулы мерекеге орай, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандағы қаржы саласының қызметкерлерін құттықтады.

Өз сөзінде «Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Ел экономикасының одан әрі дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын артуы қаржы саласының жемісті еңбегімен тікелей байланысты.

Біздің ауданымыздың да жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор.

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ — береке тілеймін», — деп тілек білдірген аудан басшысы ауданның әлеуметтік-эконмикалық дамуына үлес қосып, қаржы саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан қаржыгерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сарысу ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі