Қазақстанда 300 мыңға жуық бала шала туған
Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға дейін сәбилер шала (4,9-5 пайыз) туады. Бүгінде сол балалардың өмір сүру көрсеткіші артып 70-80 пайызға жетті.
Ведомство мәліметінше, биыл 9 айда елімізде 299 711 сәби дүниеге келген, оның 16,3 мыңы — мерзімінен бұрын туған сәбилер.
Барлық жаңа туған нәрестеде және ерте жастағы балаларда (6 жасқа дейін қоса алғанда) есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардағы көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жүргізіледі.
Дене салмағы өте төмен туылған (2500 г-нан аз) және шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі.
«Елімізде балалардың денсаулығын жақсарту, сондай-ақ нәресте өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шара жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы, скринингтік тексерулер — 1,6 миллионнан астам жас балаларды қамтитын профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1500-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылған», -делінген министрлік хабарламасында.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/74506/?utm_source=smi24
Денсаулық сақтау министрлігі