Адамның көзіне қарап, қанша жыл өмір сүретінін білуге болады
Ғалымдар адамның көз жанарына қарап-ақ оның қанша жыл ғұмыр кешетінін білуге болады деген тұжырымға келді деп хабарлады Ел ана сайты massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың пайымынша, көзі ауыратын адамның ғұмыры қысқа болады екен. Өйткені қос жанардың бұлай нашарлағаны өзге ағзаларға да әсер ететін көрінеді. Бұл адамның ішкі-сыртқы құрылысының шаршағанын көрсетсе керек.
Зерттеулерге сәйкес, мұндай адамдардың көбі жүрек ауруларынан қайтыс болатыны анықталды. Оған ғалымдар 55-81 жастағы 4 757 адамға тәжірибе жүргізу барысында көз жеткізген. Ұзақ жылғы зерттеу барысында көз ауруына шалдыққандардың 41 пайызы көз жұмған.
Ғалымдар адамның жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзыла бастаған сәтте көздің көруі де нашарлайтынын айтып отыр. Ал бұл қауіпті екенін жоғарыда атап өттік. Сондықтан олар адамның көзіне қарап, оның қанша жыл өмір сүретінін болжауға болады деген тұжырымға келді.