ЖОЛАУШЫМЫЗ БӘРІМІЗ…….
___ Ертеректе бір жолаушы сапар шегіп ұзақ жол жүріп, кеш бата бір ауылға жақындайды. Ауылдың шетіне кіре берісте, ымырт жабылады. Қараса бір адам үйіне келе жатыр екен, соған қарап:
~Ассаламу’алейкум,- деп сәлем береді.
Ол:
-Уағалейкумәссалам,-деп қайтарады. Мұсылман екен ғой деп қуанып, жолаушы екенін айтып еді, үйіне шақырды.
Тамағын жеп, шайын ішіп, ішке ел қонған соң, жан-жағына қарайды. Үй ішінде кітап пен қағаздан басқа ештеңе жоқ екен. Содан үй иесінен «Сіз кім боласыз?»-деп сұрайды.
Ол:
— Әбу Ханифамын, ~дейді.
— Сіз ана атақты ғалым имам Әбу Ханифасыз ба?- деп таң қалды.
— Иә, сол ғалыммын!
Сіздің атағыңыз жер жарады, мен сізді бір зәулім сарайда тұратын шығар десем, сіз қарапайым үйде тұрады екенсіз. Сіздің үйде кітаптан басқа түк жоқ қой! — дейді.
Әбу Ханифа:
— Сізде де түк жоқ қой, бір дорбаңыздан басқа!- дейді.
Жолаушы:
— Сіз қызық екенсіз, мен жолаушымын, маған дүние не керек?! Дорбамда тек керек заттар, орамал, сабыным, жайнамазым, бір үзім наным бар, бір қаладан екінші қалаға бара жатырмын!- дейді.
Сонда Әбу Ханифа:
— Маған да дүние не керек?! Мен де сіз секілді жолаушымын. Бесіктен шығып, ақыретке кетіп бара жатқан!- деп жауап беріпті.
Міне, ғұламалардың жауабы!
Жолаушының тілегі қабыл,-деген.
Рас ,бәріміз жолаушымыз,бір-бірімізбен сыйластықта татулықта болайық, кекетіп мұқалтпай жақсылық жасауға тырысайық сауабымыз мол болсын, ағайын!!!!
Алла тағала бәрімізге Оны сүйетін жүрек,
Оның разылығын іздеп атқаратын қайырлы да сауапты ізгі амалдар нәсіп етсін…………………