Жаңатастағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы қарқынды
Жуырда «Мен-Қазақстан ұланы» 1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдаудың салтанатты жиыны өтті.
Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру .
Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.
Қараша айының 18 жұлдызында мектебімізде ұйымдастырушы А. Нуртаева мен менің ұйымдастыруыммен «Мен – Қазақстан ұланы» тақырыбында 1 сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиынын өткіздік.
Биылғы оқу жылында «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымына 1656 оқушы тіркелді. «Жас Қыран» ұйымына 1-4 сынып оқушылары қабылданады.
Оның ішінде 1- сынып оқушылары 187 (8-сынып) қабылданды. Ұйымның мақсаты оқушылардың қоғамдық , әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ал, міндеттері –әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
1-сынып оқушысы Ибашева Айару ант қабылдап, барлық оқушы көгілдір туымыз түстес галстуктарын рәсім бойынша тағылды.
1-сынып қыздары «Қамажай» биін билеп, 2 сынып оқушысы Бекболат Рүстем патриоттық ән шырқап, оқушыларды патриоттық сезімге бөледі.
Іс-шараға Аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Тоқжұманова Ғалия және мектеп әкімшілігі қатысты.
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ, Тәлімгер: А.Пазылбекова