АЙТЫЛҒАН СӨЗ — СІЗГЕ ҚОЖАЙЫН
Адам қызғаныштан тез қартаяды.
Реніштен ауру пайда болады.
Ашушаң жүдегіш келеді.
Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірім.
Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз.
Әр қиындықта—жеңілдіктер, әр көз жасында—қуаныш, әр сабырлықта абырой жасырылған.
Бақыт – жарыңыздың адалдығы, бала шағаның амандығы, от басының татулығы.
Адам басына бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.
Ашу ақылсыздықпен басталып, өкінумен аяқталады.
Өзгенің қателігін сынаған, өзінікін байқамайды.
Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емес.
Сізге өсек айтқан адам сіз туралы да өсек айтады.
Ақылды адам біреудің кем-кетігін өзі түзеп жүреді,
Ақымақтар біреудің кем-кетігін жіпке тізіп жүреді.
Біреулер уақытты жеткізе алмайды,
Біреулер уақытты өткізе алмайды.
Сараң—алғанына, жомарт бергеніне қуанады.
Сөйлей беретіндер – көп, сөйлей білетіндер – аз.
Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы мен мақсаты жоқ адам кедей.
Жақсылықты—жақсы адам ғана бағалай біледі.
Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді.
Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адам тапқың келсе жақсы сөйлеп жақсылық жаса.
Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам бір күні өзі де бақытқа жетеді.
Біреу тірі жүрсе де жоқ сияқты,
Біреу өліп қалса да бар сияқты.
Өмірдегі жеті керемет: Көру, есту, сезу, сөйлеу, ойлау, қуану, және сүю.
Жаман жағыңды іздеген адам, жақсы жақтарыңды көре алмайды.
Адамның көңіліне қарап сөйлеу—адамгершілік белгісі.
Айтылғанша сөзге сіз қожайынсыз, айтылған соң сөз сізге қожайын.
Кешірімді екен деп ренжіте беруге болмайды