Іштен шыққан жау жаман!
Ертеде бір ағаш екінші терекке: «Балта деген біреу шығыпты деседі. Орманды жайпап жатқан көрінеді. Біз жаққа келіп қалмаса екен пәлекет» депті. Сонда терек: «Несін қорқасың жан -жағымызды қоршаған қалың орманның ортасында емеспіз бе? Жау шақырмай тұр» депті. Сол кезде ағаш: «Терекжан балтаның басы темір болғанымен сабы өзімізден екен. Жау іштен шыққанда құтылар айлаң бар ма?» деген екен. Иә расында, іштен шыққан жау жаман!