Қазақстанда туу туралы және неке қию туралы электронды куәліктер мен басқа да құжаттар қағаз құжаттармен теңестірілді
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 367/НҚ бұйрығымен цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекітілді. Бұйрық 2022 жылғы 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңадан бала дүниеге келіп, АХАТ АЖ тіркелген сәттен бастап ата-анасының Мобильді қосымшасында, электронды құжаттары бөлігінде баланың туу туралы электронды куәлігі қол жетімді яғни, қағаз тасығыштағы құжаттарға тең. Дәл осылай цифрлық форматқа туу туралы куәліктен басқа -неке туралы куәліктер сонымен қатар, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, және басқалар қол жетімді.
Бұл қызмет субъект цифрлық құжатқа қол жеткізгеннен кейін жасалған QR коды немесе қысқа код бойынша құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған.
Атап өтілгендей, цифрлық құжаттар сервисінде қолжетімді барлық электрондық құжаттар қағаз тасығыштағы құжаттарға тең.
«Ашық қол жетімділік» функциясын қолданған кезде қорғалған QR коды және қысқа код жасалады, бұл үшінші тұлғаларға құжатты қарауға уақытша қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте үшінші тұлғалардың цифрлық құжаттарға қол жеткізуі субъектінің келісімімен жүзеге асырылады.
Мобильді қосымшада үшінші тұлға мобильді қосымшадағы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының камерасы арқылы QR-кодқа авторизацияланады және оқиды. Құжаттарды қарау туралы белгі субъектінің және үшінші тұлғаның жеке кабинеттерінде «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеледі.
QR-кодты немесе қысқа қол жеткізу кодын тексерудің сәтті нәтижесімен мобильді қосымша мемлекеттік органдардың немесе ұйымның сервистерін шақыру арқылы цифрлық құжатты шығарады. Цифрлық құжаттар сервисі «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасының бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу мобильді қосымша және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі.