ӨЛКЕТАНУШЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жыл «Балалар жылы» деп атауына орай Жамбыл өңірінің тарихын, әдебиетін, мәдениетін насихаттау, өлке тарихын таныту мақсатында мектеп оқушылары арасында облыстық «Туған жердің тасы да ыстық» ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды.

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау шартына сәйкес өтінімдер «өлке тарихы» және «өлке әдебиеті, мәдениеті» бағыттары бойынша қабылданып, жеке-жеке бағаланды.
Байқауға облысымыздың әр өңірінен 80-ге жуық жоғарғы сынып оқушылары өз ғылыми ізденістерін ұсынып, екі кезеңдік байқау нәтижесінде үздіктері анықталды. «Өлке тарихы» бағыты бойынша 13-і іріктеліп, қорғауға жіберілді. Ал «өлке әдебиеті, мәдениеті» бағыты бойынша келген 20-ға жуық өтінімнен тек 5 жұмыс жоғары бағаланды.

Келіп түскен жұмыстарды облыстық өлкетану бағытында елеулі еңбек сіңіріп жүрген мамандардан құрылған қазылар алқасы бағалап, өз шешімдерін шығарды.
Толығырақ: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02e8npyzsnyUhje3d6LwVKZTKbTL9vmfviaJFfypn2DtAH3nngjkghSK6ec4RaCd1Al&id=100064424724466

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы