Жамбыл облысында жылжымалы медициналық кешендер үздіксіз жұмыс істеуде
Жамбыл облысында 11 жылжымалы медициналық кешен (Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында – 2) бар. Оның ішінде 3 – КАМАЗ мамандандырылған, 8-і — автобустық көліктер.
2022 жылы медициналық кешендермен барлығы 322 елді мекенді (2021 жылы – 320) қамту жоспарланған, 10ай ішінде қамтылған елді мекендер саны – 281 (87%), 2021 жылы – 229 (72%).
Жоспарланған елді мекендерде барлығы 239 269 адамды (2021 жылы – 257 065) медициналық тексерумен қамту жоспарланған. 2022 жылдың 10 айында медициналық тексеруден 232 804 адам (97%) өткен, оның 63 604 — балалар, 2021 жылы – 123 051 (48%), оның ішіндегі 33 684-сі балалар. 2022 жылдың 10 айында 51 639 диагностикалық зерттеулер, 16 277 зертханалық тексеру, 245 614 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді, (2021 жылы – 39 429 диагностикалық зерттеулер, 14 611 зертханалық тексеру, 97 612 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді).
Тұрғындарды қарау барысында 10 822 науқас анықталған (2021 жылы – 4 274), оның ішінде 6 927 (2021ж – 781) МСАК ұйымына есепке алынды, оның ішінде 2 111 бала (2021ж – 181).
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі