Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2022 жылдың 10 айдын қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2022 жылдың өткен мерзімінде 100 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 26, жоспардан тыс — 74, оның ішінде: 3 — Комитеттің тапсырмасы бойынша, 64 — заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша және 7 – құқық қорғау тапсырмасы бойынша.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 93 нысанда жалпы сомасы 34 834,7 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 3992,4 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 30842,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 16 275,5 млн.теңге.

Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 992,4 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 3 028,6 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 75,8 пайызды құрады.

Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 85 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 25 әкімшілік материал салу – 7,2 млн.теңге, өндірілгені – 7,2 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.

Жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 050,0 млн.теңгені құрайтын 7 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Жамбыл облысы бойынша

Ішкі мемлекттік аудит

Департаментінің басшысы