БАЙЗАҚТЫҚ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде 2022 жылы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абдан Төлепбергенов, сонымен қатар бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Салқанұлы ашып, жүргізіп отырды. Онда ол алдымен сайлау нәтижелері айтылып, дайындық жұмыстары қалай өткені жайына тоқталып өтті. Сонымен қатар дауыс беру кезінде бәрі ережеге сай өткендігі, халық тарапынан тәртіп бұзушылықтар болмағаны, саяси науқанға аудан тұрғындарының біркісідей атсалысып дауыс берілгендігі айтылды. Саяси науқанда учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері белсенділік танытып, өздеріне тиісті жұмыстарды жоғары деңгейде атқарғандығын айта кетті. Сондай белсенділік танытқан Кеңесбек Мырзабеков, Ерлан Әбдікәрімов, Арыстанбек Кайпулдаев, Нұржамал Сапаралиеваларға Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатын Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Жамалов салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай-ақ өздеріне артылған міндетті абыроймен атқарған аудандағы 39 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен белсенді мүшелері облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңында барлық марапатталғандар естелік суретке түсті.
Арайлым НАРБАТЫРОВА, БАЙЗАҚ АУДАНЫ