ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНУДА

Қыс мезгілі тосын мінезге толы. Ауыл-аймақтағы «көгілдір отынсыз» отырған тұрғындар қатты отынның қамына кіріссе, темір тұлпарды тізгіндегендер қыстық дөңгелектерін ауыстырады.

Сол секілді автожолдарды да қыс мезгіліне дайындау аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген. Әйтсе де қанша қыстық доңғалақ ауыстырғанмен жол қардан тазаланбайынша қауіпсіздікке ешкім кепілдік бере алмасы анық. Оның үстіне көктайғақ кездегі арлы-берлі қатынау мүмкін емес. Мұны жолаушылар түнеугүні қар арласас мұздақ жауғанда сезінді. Мұндайда жолға техникалар жұмылдырылып, құм, тұз себіледі. Жалпы қысқа жолдардың дайындығы туралы аталған бөлімнің басшысы Мақсат Үсенбаев ауылдарға апаратын жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілгенін айтады.

Жамбыл ауданы әкімдігі