Бүгін – «адамзаттың Айтматовы» атанған қырғыз жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туған күні
Шыңғыс қазақпен шекаралас өңірде туғандықтан шығармаларындағы кейіпкерлер қазақ жанына жақын болды. Сонымен бірге жазушының бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі