Тұрғын үй жетекшілері марапатталды

Қала тұрғындарымен жіті байланыс орнату мақсатында Жаңатас қаласы бойынша әр шағын аудан сонымен қатар жеке сектордағы үйлер бойынша тұрғын үй жетекшілері бекітілген.

Тұрғындар арасында түрлі іс-шараларды қолға алып, етене жақын араласып, көпқабаттты тұрғын үйлер арасында тазалықты бақылауда ұстап, қаланың қоғамдық өміріне белсенді ат салысуда.

Ең үздік көпқабатты тұрғын үй және ең үздік подъезд номинацияларын жеңіп алған көпқабатты тұрғын үйлердің жетекшілерін қала әкімінің орынбасары Т.Төлебаев қала әкімінің алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты