“Шу ауданының Құрметті азаматы атағы” тапсырылды

2022 жылғы желтоқсан айының 13-і күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті. Осы жиында аудан әкімі С. Арубаев пен мәслихат хатшысы Ж. Әбенов Шу аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №36-3-7 шешімдерімен ауданның, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына, оның ішінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, теміржол, спорт салаларына сіңіріп жүрген еселі еңбектері және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқандары үшін берілген “Шу ауданының Құрметті азаматы” атағының иегерлері: Шу ауданындағы №36 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сайфидин Нуридинұлы Әбдуманаповқа, еңбек ардагері, зейнеткер Агабала Гасановқа, Шу сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы, Шу аудандық мәслихаттың депутаты Қайрат Оралбайұлы Сазаевқа, “ҚТЖ” “ҰК” АҚ-нің жылжымалы құрам және мехенизация департаментінің бас менеджері Үсембай Алтайұлы Оңлабаевқа және кәсіпкер, меценат, «Standard Construction» ЖШС-нің құрылтайшысы Муханбеталы Жеңісұлы Шалқарбековке төсбелгілер, куәліктер мен ескерткіш ленталарды салтанатты жағдайда тапсырды және олардың иықтарына шапан жапты.