ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Кеше Елордамыз Астана қаласынан ақжолтай хабар жетті.
Жерлесіміз, Жайылма ауылының түлегі, Дзюдодан ҚР спорт шебері, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Дала қыраны» титулының иегері Нұр Аманшүкіров Астана қаласында қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Жерлесіміз ерледі. Жеңісің құтты болсын, Нұр!
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 12 – 15 желтоқсаны аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтуде. Үш күнге созылатын дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысып жатыр.

Сарысу ауданы әкімдігі