Асар: Жаңа үйге отбасымен көшіп келді
Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылындағы екі азамат «Асар» жобасы аясында баспаналы болды. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі арқасында осы күнге дейін қарашаңырақта тұрған Әлімбек Тоқбергенов ауылдастары салып берген 4 бөлмелі пәтерге отбасымен бірге көшіп келді.
Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, АМАНАТ партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов арнайы келіп, игі іске үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын және баспана иесіне тұрмыстық техниканы сыйға берді.
Баспананы тұрғызуға ауылдастары 6 млн теңге жұмсаған. Пәтер 4 бөлмелі.
Жамбыл ауданы әкімдігі