БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

14 желтоқсан күні Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында «Біз бақытты баламыз!» атты балалар шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті.

Фестивалдің іріктеу кезеңі 5-6 желтоқсан күндері болған.

Концертке облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалия Орынбайқызы, педагогтер мен оқушылар қатысты.

Фестивальге қаланың барлық мектебінен 6 жанр бойынша 2000-нан астам оқушы қатысып, өнер көрсетті. Бүгінгі фестивальдің гала-концертіне үздік өнер көрсеткен мектептер қатысты.
Іс-шараны №16 орта мектеп оқушылары «Қазақстан – бақытты балалық шақ мекені» қойылымымен ашты.
Фестивальдің гала-концертінде өнер көрсеткен барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
Мерекелік кешті Оқушылар сарайының Үлгілі «Шаттық» хор ұжымы «Бақытты адамдар» әнімен қорытындылады.

Тараз қаласының әкімдігі