«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 283 МАМАНҒА 1 293,2 МЛН. ТЕҢГЕ НЕСИЕ БЕРІЛГЕН

2022 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 290 маман үшін 1 332,5 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылып, 2022 жылға 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 283 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1 293,2 млн. теңге несие беріліпті.
Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 500 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 153,1 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 473 маманға 145,2 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілген.
✅ 2023 жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 204 маман үшін 1 055,7 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылған.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі