Шыңғыс ханның даналығы
Жошы хан мерзімciз қайтыс болған кезде, оның балалары әкесінің тағына кім отыратынын шеше алмай тығырыққа тірелді. Заң бойынша әкесінің орнын оның үлкен ұлы Есентоқа басуы керек тұғын .
Бірақ ол өз жолынан үзілді – кесілді айнып , бұл жолдағы орнын өзінен кейінгі бауыры Сайынға беретінін білдірді. Мұндай жағдайларда әкесінің орнын үлкен ұлы басуы тиіс деген дала заңын алдыға қойып бауыры Сайын да әдеппен әке тағынан бас тартты.
Хан балаларының мұндай әдептілік танытуы өте сирек кездесетін жағдай екенін тарихтан белгілі. Олар ортақ ымыраға келе Ұлы Атасы Шыңғыс Ханға барып, осы мәселенің басын байыппен өзі қарауына қалдыруға келісіп , Ұлы қағанға жол алды.
Немерелерінің мұндай әрекетіне бір жағынан ақылмен сүйсінген, бір жағынан разы болған Шыңғыс хан барлық немерелерiне жаңа киіз үй дайындауды бұйырады.
Сонымен қатар, ол отаулардың барлығы бірдей болуын және тек біреуінің табалдырығы алтыннан, екіншісі— күмістен, үшіншісі — темірден, ал қалған жабдықтары әдеттегідей ағаштан жасалуы тиіс екенін айтты.
Сөйтіп, алтын табалдырығы бар киіз үй Сайынға, күміс табалдырығы бар киіз үй — Есентоқаға , ал темір табалдырықты үй Шайбанға бұйырды.
Ұлы Хан даналық танытып, саяси үрдістің басын осылайша ақылмен түйгеннен соң бәрі де анық болды. Жошының үш ұлы атасының сыйға берген отауларын алып кері тартты.
Осылайша Шыңғысханның екінші немересі Сайын Батый хан болып Ордаға оралды. Ал атасы сыйлаған алтын табалдырық оған тек ырыс пен бақыт әкелді. Қолға алған істің бәрі оң жағынан шығып отырды.
Көтерген отауы құт-берекеге толып, Батый ата-бабасының ізгі жолын табысты жалғастыра алып кетті. . Батый хан есімі бүкіл әлемге кеңiнен тарап, дәулетi тасып, атағы жер жарған қолбасшы атанды.
Қазақ халқында қонақ келсе құт келер, таңғы қонақ — құдай қонақ деген, қонақ күтуге қатысты ертеден келе жатқан әдет — ғұрыптары бар — үйге қонақ келсе соңғы қойын сойып күту, жылан кірсе де басына ақ құйып шығару әдеті күні бүгінге дейін сақталған.
Сондай-ақ табалдырық пен босағаны кие тұтқан, ,халық ешкімдi табалдырыққа тіреп тұрғызбаған.
Батый хан бұл дәстүрді бұзбаған көрінеді, оның үстіне алтын табалдырық ұлы Атасы, Шыңғысханның өзі сыйлаған қымбатты сый еді.
Онымен қоймай Батый хан, атасының бұл ісiн одан әрі жалғастырып, өз отауын таза алтыннан жасауды бұйырады. Сегіз, он, он және он екі қанатты үйлер Орда деп аталды.
Олар екі, үш және төрттен бір біріне тіркеліп тігілген. Тарихшы Өтеміс қажы Алтын Ордада осындай алтын киіз үйлер бірнешеу болған деп жазады.
Есентоқаның ордасы Ақ Орда деп аталды. Ол өз ордасы үшін тыныш өмір суруге ыңғайлы — ауа райы қолайлы, жұмсақ және емдік суы бар Кавказ өлкесін таңдайды. Бұл мекен бүгін де аты әлемге әйгілі — Ессентуки деп аталады.
Біздің әңгімеге Ауғанстандағы соғыс жылдарында табылған «Бақтрия алтыны» қазынасының да тікелей қатысы бар.
Біздің халқымыздың бір бөлігі Бахтиярдан тараған ұрпақтар, олардың ұраны — «Бақтияр», ал тамғасы -күн тәрізді шеңбер екені мәлім.
Өмірбек Байгелдi.
Мақсат Сқақтың фб парақшасынан