ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай, аудандық мәдениет үйі коворкинг орталығында аудандағы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу өтті.

Жиын барысында тәуелсіздікке жету жолындағы Желтоқсан оқиғасының маңызы жайында сөз қозғалды.

Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

-Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білемін, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Құрметті желтоқсан оқиғасына қатысушылары! Сіздердің ерліктеріңізді әрқашан есімізде сақтаймыз және мақтан тұтамыз! Елімізге тыныштық, әр жанұяға бірлік пен ынтымақ тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын! – деді аудан басшысы.

Өз кезегінде Желтоқсан оқиғасының қатысушылар да өздернің ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына сый-құрмет көрсетіп, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мойынқұм ауданы әкімдігі