Іс-сапарымыз киелі Түркістанда жалғасын тапты
Еланасы атанған Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, Сәуле Мешітбайқызы киелі Түркістанға ат басын бұрып, Түркістан облысының бірақатар басшыларымен кездесті. Айтып өтетін болсақ.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Оспанов Тұрғанбек Ұсенбекұлымен де кездесіп ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылып, келер жылға ұсыныс пен жоспарлармен бөлісті. Сәуле Мешітбайқызы ауыл шаруашылығымен бірлесіп «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуына зор үлесін қосып жүргені жасырын емес.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары: Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлын жаңа қызметімен құттықтап, қоғам өміріндегі көптеген өзекті мәселелер айтылып, тіл, дін, тарих, заманның бүгінгі қажеттіліктері және басқа да алуан ұлттық тақырыптар жайында сөз қозғалып, пікір алмасты. Сондай-ақ дәстүр бойынша «Qazaqstan dauiri» газетінің кітапханасынан шыққан «Ұлт шырағы» кітабын сыйға тартты.
Түркістан облыс әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сулейменова Пернебекқызын ел анасы ерекше құрметпен алғысын білдіріп, «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 жылдығына арналған мерейлі төсбелгісін табыс етіп, дәстүрлі кітаптарын сыйға тартты.
Rauan Mutair